
4.4 FreeStore
Тоңазытқыш тағамдарды жылдам
суытып, камера ішіндегі
температураны барынша біркелкі
ұстауға көмектесетін құралмен
жабдықталған.
Бұл құрал, мысалы есік ашылғаннан
кейін немесе бөлме температурасы
жоғары болған кезде температураны
жылдам қалпына келтіру үшін қажет
болғанда өздігінен іске қосылады.
Қажет болғанда құралды
қолмен қосуға болады
("FreeStore режимі"
тарауын қараңыз).
FreeStore құралы есік ашық
кезде тоқтайды да, есік
жабылғаннан кейін дереу
іске қосылады.
4.5 Көміртекті сүзгі
Құрылғыңыз FreeStore тартпасының
ішінде орналасқан TASTEGUARD
көміртекті сүзгісімен жабдықталған.
Бұл сүзгі тоңазытқыш камерасындағы
жағымсыз иісті тазартады, яғни
тағамның сапасы жақсара түседі.
АБАЙЛАҢЫЗ
Жұмыс барысында ауа
желдеткіш тартпаны
әрқашан жабық ұстаңыз.
4.6 Температурасы суық бөлік
Осы функциямен жабдықталған үлгінің
тоңазытқыш бөлігі балық, ет, теңіз
тағамдары және т.с.с. тәрізді
тағамдарды жаңа күйінде жақсы
сақтауға арналған.
Ол астыңғы бөлікте, көкөніс сақтайтын
сөренің тура үстінде орналасқан.
4.7 Ылғалдылықты басқару
Шыны сөре көкөніс салынатын
сөре(лер)дің ылғалдылығын реттеуге
мүмкіндік беретін саңылаулары
(сырғыма тетіктің көмегімен
реттелетін) бар құралмен
жабдықталған.
Желдету саңылаулары жабық тұрған
кезде:
жеміс пен көкөніс тартпасына
салынған тағамның құрамындағы
табиғи ылғалдылық ұзағырақ
сақталады.
Желдету саңылаулары ашық тұрған
кезде:
ауа көбірек айналып тұрса, жеміс пен
көкөніс салынатын бөліктердегі
ауаның ылғалдылығы төменірек
болады.
ҚАЗАҚ 9
Commenti su questo manuale