Electrolux ERX3214AOX Manuale Utente Pagina 16

  • Scaricare
  • Aggiungi ai miei manuali
  • Stampa
  • Pagina
    / 56
  • Indice
  • SEGNALIBRI
  • Valutato. / 5. Basato su recensioni clienti
Vedere la pagina 15
Осы ауқымнан тыс
пайдаланған кезде кей
үлгілерде кейбір
функциональдық ақаулар
пайда болуы мүмкін. Дұрыс
температура ауқымында
пайдаланғанда ғана
жұмыстың дұрыс
болатынына кепілдік
беріледі. Құрылғыны
орнататын жерді дұрыс
анықтай алмасаңыз,
сатушыға, сатып алушыға
қызмет көрсету немесе
жақын жердегі қызмет
көрсету орталығына
хабарласыңыз
8.2 Электртоғына қосу
Құрылғыны қуат көзіне қосу
алдында үйдегі қуат көзінің
техникалық ақпарат тақтайшасында
көрсетілген кернеу мен жиілікке
сәйкестігіне көз жеткізіңіз.
Құрылғыны міндетті түрде жерге
тұйықтау қажет. Бұл үшін қуат
ашасы контактісімен бірге берілген.
Егер қуатпен жабдықтау жүйесінің
розеткасы жерге тұйықталмаса,
құрылғыны білікті электршіден
кеңес алып, қолданыстағы
ережелерді орындай отырып, жерге
жеке тұйықтау керек.
Жоғарыда көрсетілген қауіпсіздік
шаралары орындалмаса, өндіруші
ешқандай жауапкершілік алмайды.
Бұл құрылғы E.E.C. ережелеріне
сай келеді.
8.3 Сүзгіні TASTEGUARD
орнату
TASTEGUARD сүзгісі жағымсыз
иістерді сіңіріп, тағамның иісін, дәмін,
бір-біріне сіңірмей өз қалпында
сақтайтын, белсендірілген
көміртегіден жасалған сүзгі болып
табылады.
Сүзгі жұмысына зиян келмес үшін,
пластикалық қалтаға салынып
жеткізіледі.
Сүзгіні құрылғыны іске қоспай тұрып,
тартпаның ішіне орнату керек.
САҚТАНДЫРУ ТУРАЛЫ
ЕСКЕРТУ!
Сүзгі дұрыс жұмыс істеу
үшін ауа тетігінің
тартпасын жауып қойыңыз.
Сүзгіні беткі фрагменттері
босап кетпес үшін абайлап
ұстаңыз.
1. Тартпаны ашыңыз.
2. Сүзгіні пластик қалтадан алыңыз.
3. Сүзгіні тартпаға салыңыз.
4. Тартпаны жабыңыз.
9. ШУЫЛ ТҮРЛЕРІ
Құрылғы қалыпты жұмыс істеп тұрған кезде түрлі шуыл естіледі (компрессор,
салқындатқыш сұйықтықтың айналуы).
www.electrolux.com16
Vedere la pagina 15
1 2 ... 11 12 13 14 15 16 17 18 19 20 21 ... 55 56

Commenti su questo manuale

Nessun commento