Electrolux EMS17216X Manuale Utente Pagina 12

  • Scaricare
  • Aggiungi ai miei manuali
  • Stampa
  • Pagina
    / 36
  • Indice
  • SEGNALIBRI
  • Valutato. / 5. Basato su recensioni clienti
Vedere la pagina 11
12 electrolux іске қосу
Микротолқынмен пісіруге қатысты ақыл-кеңес
Тағамды микротолқынды пеште
пісіру/жібіту үшін, микротолқын қуаты
сауыттан өтіп тағамға жете алатындай
болуға тиіс. Сондықтан да, микротолқынды
пешке сай келетін ыдысты таңдай білудің
маңызы зор.
Төртбұрыш/ұзынша келген
ыдыстардың бұрыштарындағы тағам күйіп
кетуі мүмкін болғандықтан, дөңгелек/сопақ
ыдыстарды қолданған дұрыс.
Тағамды біркелкі ысыту үшін
аударыстырып, басқаша орналастырып
немесе араластырып отыру керек.
Тағамды пісіріп болғаннан кейін қоя
тұру керек, сонда қызу тағамға біркелкі
тарайды.
Тағамның сипаттамасы
Құрамы Майлы немесе қанты көп тағамды (мысалы, кристмас пуддингі, фарш
қосылған бəліш) ысыту үшін аз уақыт қажет етіледі. Қатты қыздырудың
нəтижесінде өрт шығуы мүмкін болғандықтан абай болу керек.
Тығыздығы Тағамның тығыздығы пісіру уақытына əсер етеді. Торт немесе нан тəрізді
тығыз емес тағамдар, қуырылып, бұқтырылып пісірілетін тағамдарға
қарағанда тезірек піседі.
Мөлшері Пештің ішіне неғұрлым көп тағам қойсаңыз, пісіру уақытын да соғұрлым
көбейту керек. Мысалы, екі картопқа қарағанда, төрт картопты пісіру үшін
көбірек уақыт қажет.
Өлшемі Кішкене тағамдар мен тағамның кішкене кесектері, үлкен етіп дайындалған
тағамдарға қарағанда тезірек піседі, себебі микротолқындар кішкене
тағамның жан-жағынан сіңе алады. Тағамдар біркелкі пісуі үшін, тағам
кесектерін бірдей мөлшерде кесіңіз.
Пішімі Тауықтың төсі немесе сирақтары тəрізді пішіндері əртүрлі тағамдардың, еті
қалың жерлері ұзақ піседі. Микротолқынды пеште төртбұрышты етіп
дайындалған тағамға қарағанда, дөңгелек етіп дайындалған тағам
барынша біркелкі піседі.
Тағамның
температурасы
Тағамның пісірер алдындағы температурасы пісіру уақытына əсер етеді.
Бөлме температурасында тұрған тағамға қарағанда, тоңазыған тағамды
пісіруге көбірек уақыт қажет. Қызу немесе буды сыртқа шығару үшін ішінде
толтырмасы бар бітеу тағамды, мысалы, бауырсақты тураңыз.
Пісіру тəсілдері
Орналастыру Тағамның қалың бөлігін ыдыстың шетіне қарай салыңыз. Мысалы, тауықтың
сирақтарын.
Қақпақ Желдетілетін, микротолқынды пешке арналған таспаны немесе сай келетін
қақпақты қолданыңыз.
Тесу Қабығы, терісі немесе қауашағы бар тағамды пісірердің немесе
қыздырардың алдында бірнеше жерден тесіңіз, себебі бу жиналып қалса,
мысалы картоп, балық, тауық, шұжық тəрізді тағамдар жарылып кетуі мүмкін.
Маңызды: Қабығымен бітеулей пісірілген немесе қабықсыз бітеу
қайнатылған жұмыртқаларды микротолқынды пеште ысытуға болмайды,
себебі олар пісіріп болғаннан кейін де жарылып кетуі мүмкін.
Араластыру,
аудару
немесе
басқаша
орналастыру
Тағам біркелкі пісу үшін, оны пісіру барысында араластыру, аудару немесе
басқаша орналастырып отырудың маңызы зор. Тағамды əрқашан шет
жағынан бастап ортасына қарай араластырыңыз жəне орналастырыңыз.
Қоя тұру Тағамды пісіріп болғаннан кейін қызу тағамға біркелкі тарау үшін қоя тұру
қажет.
Қалқалау Жібітіп жатқан тағамның кейбір жерлері ысып кетуі мүмкін. Ысып кеткен
Vedere la pagina 11
1 2 ... 7 8 9 10 11 12 13 14 15 16 17 ... 35 36

Commenti su questo manuale

Nessun commento