
electrolux ең алғаш пайдаланбас бұрын 11
Ең алғаш пайдаланбас
бұрын
Үнемді режим
Пеш ‘ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУ’ режиміне (‘Econ’)
қойылып жеткізілген.
1. Пешті қосыңыз.
2. Бейнебетте ешнəрсе көрсетілмейді.
3. Есікті ашыңыз, қуат қосылады.
4. Есікті жабыңыз, бейнебетте ‘Econ’
пайда болады.
5. Бейнебетте 3:00 бастап, нөлге дейін
кері санақ көрсетіледі.
6. Нөлге жеткен кезде, пеш ‘Econ’
режиміне ауысады да, бейнебетте
ешнəрсе көрсетілмейді.
7. ‘Econ’ режимін біржола тоқтату үшін
сағатты қойыңыз.
8. Сағатты қойғаннан кейін ‘Econ’
режимін орнату үшін, есікті ашыңыз,
бастау түймешігін 5 секунд басыңыз,
тоқтату түймешігін басыңыз да, содан
кейін есікті жабыңыз.
Сағатты қою
Пештің 12-сағаттық сағаты бар.
Мысалы: Сағатты 11:30 қою.
1. Пешті қосыңыз.
2. Бейнебетте ешнəрсе көрсетілмейді.
3. Есікті ашыңыз, қуат қосылады.
4. Есік ашық тұрған кезде,
ТАЙМЕР/САЛМАҚ түймешесін бұрап,
сағатты келтіріп қойыңыз.
5. БАСТАУ/+30 түймешігін бір рет басып,
содан кейін ТАЙМЕР/САЛМАҚ
түймешесін бұрап минутты реттеп
қойыңыз.
6. БАСТАУ/+30 түймешігін басыңыз.
Бейнебетті тексеріңіз:
7. Есікті жабыңыз.
Маңызды:
1. ТАЙМЕР/САЛМАҚ түймешесін сағат
бағытымен немесе сағат бағытына
қарсы бұрауға болады.
2. ҚУАТТЫ ҮНЕМДЕУ режимін сағат
орнатылып тұрғанда орната
алмайсыз.
Сағат қойылып немесе пеш
‘Econ’ режимінде тұрғанда
уақытты реттеу
Мысалы: Сағатты 12:45 қою.
1. Есікті ашыңыз.
2. БАСТАУ/+30 түймешігін 5 секунд
басып, ұстап тұрыңыз. Пештен
дыбысты сигнал естіледі. Сағатты
реттеу үшін ТАЙМЕР/САЛМАҚ
түймешесін бұраңыз.
3. БАСТАУ/+30 түймешігін бір рет басып,
содан кейін ТАЙМЕР/САЛМАҚ
түймешесін бұрап минутты реттеп
қойыңыз.
4. БАСТАУ/+30 түймешігін басыңыз.
Бейнебетті тексеріңіз:
ТОҚТАТУ түймешігін қолдану
ТОҚТАТУ түймешігін мына əрекеттерді
орындау үшін қолданыңыз:
1. Бағдарламалау кезінде қатені өшіру
үшін.
2. Тағам пісіру барысында пешті кідірте
тұру үшін бір рет басыңыз.
3. Тағам пісіру кезінде бағдарламаны
біржола тоқтату үшін екі рет басыңыз.
Бала қауіпсіздігінің құралы
Бұл құрылғыда бала оны байқаусызда іске
қосып қоюға жол бермейтін қауіпсіздік
құралы бар. Құрсау орнатылғаннан кейін,
микротолқынды пештің ешбір бөлшегі
құрсау ажыратылғанша жұмыс істемейді.
Мысалы: Бала қауіпсіздігінің құралын
орнату.
1. Тоқтату түймешігін 5 секунд басып,
ұстап тұрыңыз.
Пештен екі рет дыбысты сигнал естіледі
де, бейнебетте LOC’ пайда болады:
Ескерім:
• Бала қауіпсіздігінің құралын ажырату
үшін, тоқтату түймешігін шамамен 5
секунд басып ұстап тұрыңыз, пеш екі
рет дыбысты сигнал береді де, тəулік
уақыты көрсетіледі.
• Сағат орнатылмаса, бала қауіпсіздігінің
құралын орнату мүмкін емес.
Commenti su questo manuale