Electrolux EWT135510W Guida di base Pagina 48

  • Scaricare
  • Aggiungi ai miei manuali
  • Stampa
  • Pagina
    / 68
  • Indice
  • SEGNALIBRI
  • Valutato. / 5. Basato su recensioni clienti
Vedere la pagina 47
Қажетті бағдарламаны таңдау
Бағдарлама таңдау тетігін қажетті
бағдарламаға бұраңыз. "Бастау/Үзіліс"
түймешігі жасыл боп жанады.
Егер бағдарлама таңдау тетігін цикл
орындалып жатқанда басқа бағдарламаға
бұрсаңыз, құрылғы жаңадан таңдалған
бағдарламаны елемейді. “Қате” шамы
жанады және "Бастау/Үзіліс"
түймешігі
бірнеше секунд бойы қызарып жанады.
Температураны таңдау
Егер кіріңіздің құрылғы таңдаған бір
температурадан басқа температурада
жуылуын қаласаңыз, температураны көбейту
не азайту үшін, "Температура"
түймешігін
қайталап басыңыз (“Бағдарламалар кестесі”
бөлімін қараңыз).
белгішесі салқын жууды
білдіреді.
Айналдыру жылдамдығын таңдау
Егер кіріңіздің құрылғы таңдаған бір
жылдамдықтан басқа жылдамдықпен
айналуын қаласаңыз, айналдыру
жылдамдығын өзгерту үшін, "Айналдыру"
түймешігін басыңыз, сондай-ақ,
“Айналдырмау"
, "Шаюды кідірту"
немесе “Қосымша түнгі тыныштық”
параметрін таңдауыңызға болады.
5)
.
Ең үлкен айналдыру жылдамдықтары :
мақта, табиғи маталар үшін : минутына 1300
айналдыру (EWT135510W), минутына 1000
айналдыру (EWT105510W), джинсы үшін :
минутына 1200 айналдыру (EWT135510W),
минутына 1000 айналдыру (EWT105510W),
жүн, полотно үшін : минутына 1000
айналдыру, синтетика, оңай үтіктелетін
маталар, интенсивті спорттық киімдер үшін :
минутына 900 айналдыру, биязы маталар,
жібек, спорттық маталар үшін : минутына 700
айналдыру.
Бағдарламаның соңында “Шаюды кідірту”
немесе “Қосымша түнгі тыныштық”
параметрін таңдасаңыз, циклды аяқтап, суды
төгу үшін, “Айналдыру”
немесе "Суды
ағызу"
бағдарламасын таңдауыңыз керек.
Қосымша түнгі тыныштық : циклде айналдыру
болмайды және шаюды кідіртумен
аяқталады.
Параметрлерді таңдау
Бағдарламаны таңдағаннан кейін және
"Бастау/Үзіліс"
түймешігін баспастан
бұрын әртүрлі параметрлерді таңдауыңыз
керек (“Бағдарламалар кестесі” бөлімін
қараңыз). Қажетті түймешіктерді басыңыз ;
сәйкес белгішелер дисплейде пайда болады.
Егер қайта басылса, белгішелер жоғалады.
Егер параметрлердің бірі таңдалған
бағдарламамен сыйысымды болмаса,
дисплейде “Қате” түймешігі жанып, “Бастау/
Үзіліс”
түймешігі қызыл боп жанады.
"Алдын ала жуу" параметрі
Құрылғы алдын ала жуу циклін макс. 30°C
градуста орындайды.
"Шаю плюс" параметрі
Кір жуғыш машина цикл орындалып тұрған
кезде бір немесе бірнеше шаю циклдерін
қосады. Бұл функция терісі сезімтал
адамдарға және суы тұщы жерлерде
қолдануға арналған.
Уақытша : "Шаю плюс"
түймешігін
басыңыз. Бұл функция тек таңдалған
бағдарлама үшін ғана қосылады.
Тұрақты : "Алдын ала жуу"
және "Кешіктіріп
бастау"
түймешіктерін бірнеше секунд
басып ұстап тұрыңыз. Функция тұрақты түрде,
тіпті құрылғы өшіп тұрса да қосылып тұрады.
Оны ажырату үшін әрекетті қайталаңыз.
"Кешіктіріп бастау"
Бұл параметр жуу бағдарламасының
басталуын 30, 60, 90, 2 сағаттан 20 сағатқа
дейін кідіртуге мүмкіндік береді. Таңдалған
уақыт дисплейде бірнеше секунд көрсетіліп
тұрады.
Кідіртілген басталу уақытын “Бастау/Үзіліс”
түймешігін баспастан бұрын “Кешіктіріп
бастау”
түймешігін қайта басу арқылы кез
келген уақытта өзгертуге немесе
болдырмауға болады (0’ бірден бастауды
білдіреді).
Егер “Бастау/Үзіліс”
түймешігін басып
қойған болсаңыз және кешіктіріп бастауды
өзгерту немесе болдырмау керек болса,
келесіні орындаңыз :
Кешіктіріп бастауды болдырмай, циклды
бірден бастау үшін, “Бастау/Үзіліс”
түймешігін, одан кейін “Кешіктіріп бастау
түймешігін басыңыз. Циклді бастау үшін,
“Бастау/Үзіліс”
түймешігін басыңыз.
Таймердің кідіріс кезеңін өзгерту үшін,
“Тоқтату”
қалпы арқылы өтіп, циклді
қайта бағдарламалауыңыз керек.
Кешіктіріп бастау уақыты кезінде есік
бұғаттаулы тұрады. Егер оны ашу керек
болса, алдымен “Бастау/Үзіліс”
түймешігін
басу арқылы құрылғыны уақытша
тоқтатуыңыз керек. Есікті қайта жапқаннан
кейін, “Бастау/Үзіліс”
түймешігін басыңыз.
5) Модельге байланысты.
48 electrolux
Vedere la pagina 47
1 2 ... 43 44 45 46 47 48 49 50 51 52 53 ... 67 68

Commenti su questo manuale

Nessun commento