
Шанышқылар мен қасықтардың сабын
төмен қаратып салыңыз.
Пышақтардың сабын жоғары қаратып
салыңыз.
Қасықтар бір-біріне жабысып қалмас
үшін басқа ас құралдарымен
араластырып салыңыз.
Үстіңгі себет
Үстіңгі себет тəрелке (диаметрі көп
дегенде 24 см), шай табақ, салат
шараларын, шыныаяқ, стакан, кастрөл
мен қақпақтарды салуға арналған.
Ыдыс-аяқты су барлық жеріне тиетін
етіп орналастырыңыз.
Тұғыры ұзын стакандарды шыныаяқ
сөрелеріне тұғырын жоғары қаратып
салыңыз. Одан да ұзын заттар үшін
шыныаяқ сөрелерін жоғары бүктеңіз.
Жұмсақ тірегіштер
Жұмсақ тірегіштер жуу бағдарламасы
орындалып тұрғанда не үстіңгі себет
алынған кезде шыны ыдыстар
орындарынан жылжып кетуден
сақтайды.
Жұмсақ тірегіштерді дұрыс орнату үшін
суреттерді қараңыз. Жұмсақ
тірегіштерді себеттің тек оң жағына ғана
қоя аласыз. Жұмсақ тірегіштерді дұрыс
орнатып болған соң төмен қарай
мықтап басып, жылжып кетпейтіндігіне
көз жеткізіңіз.
30 electrolux
Commenti su questo manuale