Electrolux ERD24304W8 Manuale Utente Pagina 22

  • Scaricare
  • Aggiungi ai miei manuali
  • Stampa
  • Pagina
    / 112
  • Indice
  • SEGNALIBRI
  • Valutato. / 5. Basato su recensioni clienti
Vedere la pagina 21
7. Алдында алып қойған тағамдарды
қайтадан камераға салыңыз.
Өте маңызды! Буландырғыштың
қырауын ешқашан өткір металл
құралдарды пайдаланып қырмаңыз,оны
бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Өндіруші
ұсынған тәсілден басқа әдіспен,
механикалық құралды қолданып немесе
жасанды жолмен мұзды жылдам ерітуге
әрекеттенбеңіз. Құрылғы мұзын еріту
барысында орамдағы тағамдардың
температурасының жоғарылауы,
олардың сақталатын мерзімін қысқартуы
мүмкін.
Құрылғыны қолданбаған кезде
Құрылғыны ұзақ уақыт бойы
қолданбаған кезде мына сақтық
шараларын орындаңыз:
1. құрылғыны электр желісінен
ажыратыңыз
2. барлық тағамдарды шығарыңыз
3. құрылғыны жібітіп, оны керек-
жарақтарымен қоса тазалаңыз
4. Жағымсыз иіс пайда болмас үшін
есік/есіктерді ашық қалдырыңыз.
Өте маңызды! Егер құрылғыны қосып
қалдыратын болсаңыз, электр қуаты
өшіп қалған жағдайда ішіндегі тағам
бұзылып кетпес үшін басқа бір адамның
арасында бір рет бақылап қойып
отыруын сұраңыз.
Не істерсіңіз, егер...
Назарыңызда болсын! Ақаулық
себебін іздестірмес бұрын ашаны
розеткадан суырып алыңыз.
Осы нұсқаулықта көрсетілмеген
ақаулық түрін тек білікті маман не
білікті адам ғана іздестіруге тиіс.
Өте маңызды! Құрылғы қалыпты
режимде жұмыс жасап тұрғанда біраз
шуыл (компрессор, салқындатқыш
сұйықтың айналуы) естіліп тұрады.
Ақаулық Ықтимал себебі Шешімі
Құрылғыдан шуыл
шығады
Құрылғы дұрыс орнықпаған Құрылғының орнықты тұрған-
тұрмағанын тексеріңіз (төрт
аяғы да еденге тиіп тұруға тиіс)
Құрылғы жұмыс істемей
тұр. Шам жанбай тұр.
Құрылғы сөндірулі. Құрылғыны іске қосыңыз.
Қуат ашасы розеткаға дұрыс
сұғылмаған.
Ашаны розеткаға дұрыстап
сұғыңыз.
Құрылғыға электр қуаты
келмей тұр. Розеткада ток жоқ.
Розеткаға басқа электр
құрылғысын қосып көріңіз.
Электрші маманға
хабарласыңыз.
Шам жанбайды. Шам күту режимінде тұр. Есікті жауып, қайта ашыңыз.
Шамның ақауы бар. "Шамды ауыстыру" тарауын
қараңыз.
Компрессор үздіксіз
жұмыс істейді.
Температура дұрыс
орнатылмаған.
Жоғарырақ температураға
қойыңыз.
Есік дұрыс жабылмаған. "Есікті жабу" тарауын қараңыз.
Есік тым жиі ашылған. Есікті қажет кезде ғана ашыңыз,
ұзақ ашып қоймаңыз.
Тағамның температурасы тым
жоғары.
Сақтауға қоярдан бұрын
тағамның температурасын
бөлме температурасына дейін
азайтыңыз.
22 electrolux
Vedere la pagina 21
1 2 ... 17 18 19 20 21 22 23 24 25 26 27 ... 111 112

Commenti su questo manuale

Nessun commento