• Ашық тұрған құрылғы есігіне күш
салмаңыз.
• Тағамды пісіргенде, тіпті гриль
жасаған кезде де құрылғы есігін
əрқашан жауып отыру қажет.
Күту менен тазалау
• Құрылғыны жөндердің алдында
сөндіріп, электр желісінен ағытыңыз.
• Жөндердің алдында құрылғының
салқын тұрғандығына көз жеткізіңіз.
Күйіп қалу қаупі бар. Шыны панелі
сынып қалуы мүмкін.
• Құрылғыны əрқашан таза ұстаңыз.
Жиналып қалған май
не тағам
қалдықтары өрт қатерін тудыруы
мүмкін.
• Құрылғыны мерзімді түрде
тазаласаңыз, оның бетінің сапасы
түспейді.
• Өте сұйық қоспадан жасалған
торттарды пісірген кезде, жеміс
шырыны кетпейтін дақ қалдырмас
үшін терең пісіру науаларын
қолданыңыз.
• Өз қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету
жəне мүлікке зиян келтірмеу үшін,
құрылғыны тек су мен сабынды
қолданып тазалаңыз. Тұтанғыш
заттар немесе тот бастыратын
заттарды қолданбаңыз
.
• Құрылғыны бу құрылғылары, жоғары
қысыммен тазалайтын құралдар,
өткір, түрпілі тазалағыш заттар,
түрпілі жөке жəне дақ кетіргіштермен
тазаламаңыз
• Пеш бүріккішін қолдансаңыз, оны
өндірушінің нұсқауларын орындаңыз.
• Шыны есікті жеміргіш заттармен
немесе металл қырғышпен
тазаламаңыз. Ішкі шыны панельдің
қызуға төзімді беті сынып, жарылып
кетуі мүмкін.
• Есіктің шыны панельдеріне нұқсан
келсе, босап, сынып қалуы мүмкін.
Оларды міндетті
түрде ауыстыру
керек. Қызмет көрсету орталығына
хабарласыңыз.
• Құрылғының есігін алған кезде абай
болыңыз. Есіктің салмағы ауыр!
• Каталитті эмальды тазаламаңыз
(егер бар болса).
Өрт қатері
• Есікті абайлап ашыңыз. Алкоголь
қосылған қоспаларды қолданғанда,
ауа мен алкоголь қоспасы пайда
болуы мүмкін. Өрт шығу қаупі бар.
• Есікті ашқан кезде жарқыл немесе
ашық отты құрылғыға
жақындатпаңыз.
• Тұтанғыш
заттарды немесе ішіне
тұтанғыш зат салынған дымқыл
заттарды жəне/немесе балқығыш
заттарды (пластмасса немесе
алюминийден жасалған) заттарды
құрылғының қасына немесе үстіне,
ішіне қоймаңыз.
Пиролитпен тазалау
• Пиролитпен тазалаған кезде
құрылғыны қараусыз қалдырмаңыз.
• Пиролитпен тазалап жатқан кезде
есікті ашпаңыз, құрылғыны электр
желісінен ағытпаңыз.
• Пиролитпен тазалаған кезде
балаларды жақындатпаңыз. Құрылғы
қатты қызып кетеді. Күйіп қалу қаупі
бар.
•
Пиролитпен тазалаған кезде, қатып
қалған қоқыс эмаль қаптаманың түсін
кетіруі мүмкін. Құрылғының эмаль
қаптамасының түсінің өзгеруі
құрылғының жұмысына əсер етпейді.
Тұмшапештің шамы
• Осы құрылғыда тек тұрмыстық
құрылғыларда пайдалануға арналған
арнайы шамдар ғана қолданылған.
Оларды бөлмені жартылай немесе
толықтай жарықтандыру үшін
қолдануға болмайды.
• Егер шамды ауыстыру қажет болса,
қуаты дəл осындай, тұрмыстық
құрылғыларға арналған шамды ғана
қолданыңыз.
• Тұмшапештің шамын ауыстырар
алдында құрылғыны электр желісінен
ағытыңыз. Электр тоғына түсу қаупі
бар.
Қызмет көрсету орталығы
• Тек уəкілетті техниктің ғана
құрылғыны жөндеуіне немесе оған
қатысты жұмысты орындауына
болады. Уəкілетті қызмет көрсету
орталығына хабарласыңыз.
4 electrolux
Commenti su questo manuale