
Басқа қашықтан
басқарылатын құрылғылар
сигналға кедергі келтіруі
мүмкін. Бұндай жағдайға
жол бермеу үшін
құрылғының қашықтан
басқаратын құралы мен
пешті бір уақытта іске
қоспаңыз.
Hob²Hood функциясы бар пештің
тартқыш құрылғылары
Осы функцияда жұмыс істейтін пештің
тартқыш құрылғыларының кең
ауқымын біздің пайдаланушыға
арналған веб-сайтымыздан таба
аласыз. Осы функцияда жұмыс
істейтін Electrolux пешінің тартқыш
құрылғыларында белгісі болуы
керек.
6. КҮТУ МЕНЕН ТАЗАЛАУ
ЕСКЕРТУ!
Қауіпсіздік тарауларын
қараңыз.
6.1 Жалпы ақпарат
• Пештің үстін пайдаланған сайын
тазалаңыз.
• Ыдысты қолданғанда табаны
әрқашан таза болсын.
• Пештің үстіне түскен сызаттар
немесе қошқыл дақтар оның
жұмысына ешқандай әсер етпейді.
• Пештің үстін тазалауға жарамды
арнайы тазалағышты
пайдаланыңыз.
• Шыныға арналған арнайы
қырғышты қолданыңыз.
6.2 Пештің үстін тазалау
• Дереу тазалаңыз: балқыған
пластмасса, пластик фольга, қант
және қант қосылған тағам. Дереу
тазаламасаңыз, пештің үстін
бүлдіріп алуыңыз мүмкін. Күйіп
қалмау үшін абай болыңыз.
Қырғышты шыны бетке арнайы
сүйір бұрыш жасап қойып, жүзін
жылжыта отырып тазалаңыз.
• Пештің үсті жеткілікті түрде
суыған кезде алыңыз: әк дақтары,
су дақтары, май дақтары, металдың
жылтыраған дақтары. Пештің үстін
дымқыл шүберекпен және жеміргіш
емес жуғыш затпен тазалаңыз.
Тазалап болғаннан кейін пештің
үстін жұмсақ шүберекпен сүртіңіз.
• Жылтыраған металл дақтарын
кетіріңіз: сірке суы қосылған
ерітіндіні пайдаланып, әйнек бетін
дымқыл шүберекпен тазалаңыз.
ҚАЗАҚ 17
Commenti su questo manuale